Нагельсман Германия құрамасының бас бапкері ретінде қанша жалақы алады

Нагельсман Германия құрамасының бас бапкері ретінде қанша жалақы алады
Футбол

Чемпионат

Юлиан Нагельсманның Германия құрамасындағы жалақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл туралы Bild журналисі Кристиан Фальк мәлімдеді. Дереккөздің хабарлауынша, «Хоффенхайм», «Лейпциг» және «Бавария» командаларының экс-жаттықтырушысы айына 400 мың еуро табады.

Естеріңізге сала кетейік, 36 жастағы маман осы жылдың наурыз айында «Бавариядан» кетіп, оның орнына Томас Тухель Мюнхен командасының бас бапкері болды. Нагельсманның басшылығымен өткен соңғы матчта «Бавария» «Байерден» 1:2 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, Юлиан Нагельсман Германия құрамасының бас бапкері атанатыны туралы ақпарат тараған.