Ризабек Айтмұханға 1 миллион доллар беру керек – Қуат Хамитов

Ризабек Айтмұханға 1 миллион доллар беру керек – Қуат Хамитов
Күрес

instagram.com/kazwrestling_official

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қазақстандықтарды тарихи алтын медальмен құттықтап, министрлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Әлеуметтік желіде жариялаған видеосында ол тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханға 1 миллион доллар беру керектігін тілге тиек етті.

Тарихи күн! Қазақ халқы, ата-ағаларымыз ұзақ күтті. Жақсылық Үшкемпіров секілді аңыз балуан бұл жеңісті көре алмай кетті. Осындай жеңіске жеткен Ризабек бауырымызға Алла риза болсын!
Болмайтын, түсініксіз спорт түрлеріне бір жылда 200-300 миллиондап ақша бөлеміз, легионерлерге де сол, ал олар кетіп қалады. Сондықтан министрлерге елімізден, ауылымыздан шыққан қарадомалақ бауырымызға 1 млн доллар беру керек деп үндеу жасаймын. Осындай хабарды естіген ауыр балалары ертеңгі күні спортпен айналысып, уақытын залда өткізіп, Ризабек секілді әлемді мойындатамын деген арман-мақсат пайда болады, сондай болалар еліміздің абыройын асқақтатуға үлес қосары сөзсіз. - деді Хамитов.