UFC спортшысы допинг қолданғанын мойындады
Жекпе-жек
©instagram.com/castironcasey
UFC спортшысы Кортни Кейсиге допинг қолданғаны үшін төрт айлық дисквалификация тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Спортшы BPC-157 препаратын дәрігердің нұсқауы бойынша қолданған, бірақ кейінірек бұл препарат тыйым салынған заттар тізімінде екенін анықтап, АҚШ-тың допингке қарсы агенттігіне (USADA) өзі хабарлаған.
36 жастағы Кортни Кейси UFC-де 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және промоушенде (6-9) жеңіліс бойынша рекордқа ие. Ол соңғы жекпе-жегінде Антонина Шевченкодан жеңілген болатын.
Енді Кейси 1 қазаннан бастап жарысқа қайта орала алады.