Алькарас Джоковичпен финал жайлы ойын айтты

Алькарас Джоковичпен финал жайлы ойын айтты
Теннис

championat.com

Испаниялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарас сербиялық Новак Джоковичпен АҚШ Ашық чемпионатының финалында кездесуі мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Джоковичпен финал дейсіз бе? Қазір соған жақынбыз. Әлеуетті финалдан бір матч қана бөліп тұр. Новакпен Нью-Йорктегі финалда кездессек, керемет болушы еді. Бірақ екеумізді де күрделі жартылай финалдар күтіп тұр. Бірақ екеуміз де финалды асыға күтіп жүрміз. Өткен жылмен салыстырғанда есейдім, өстім. Өткен жылы «Үлкен дулығада» бір жартылай финал өткізсем, биыл төртіншісі. Өзгергенімді өзім де сеземін. Қысыммен күресуді де үйреніп келемін, - деді Алькарас.