Магомед Адиев Финляндияның артықшылығын атады

Магомед Адиев Финляндияның артықшылығын атады
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 аясында Финляндия құрамасымен өтетін матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қарсыластарымыз пасты жоғарылатып беріп қана ойнайды деп айта алмаймын. Олар көбірек тез футбол ойнайды. Қорғанысы да мықты, допты жақсы бақылайды. Меніңше, қарсылас тактикалық ойын өрнегін көрсетеді. Бапкер құрамды жақсы жинақтаған. Бірақ біздің өз жоспарымыз бар, біздің штабтың ойы дұрыс деп үміттенемін, жігіттер жоспарды жүзеге асыра алады деп ойлаймын, - деді Адиев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мен Финляндия арасындағы матч 7 қыркүйек күні сағат 20:00-де басталады.