Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы бесінші орын алды

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы бесінші орын алды
Волейбол

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Құрамалар 5-орынға таласқан болатын. Қазақстандық волейболшылар бірінші сетте 26:24 есебімен басым түссе, екінші сетте 25:23 есебімен жеңіске жетті. Үшінші сетте де дәл осындай есеп тіркелді – 25:23. Осылайша бойжеткендеріміз қарсыластарынан 3:0 есебімен айласын асырып, қорытындысында бесінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық волейболшылар бұдан бұрын плей-офф сатысында Австралияны 3:2 (25:16, 21:25, 19:25, 25:15, 15:12) есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық волейболшылар D тобында Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6), Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен сүріндірсе, Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.