Райли Барбер қазақ хоккейшілеріне баға берді

Райли Барбер қазақ хоккейшілеріне баға берді
Хоккей

"Барыс" ХК

Елордалық "Барыс" шабуылшысы Райли Барбер қазақ хоккейшілеріне баға берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- "Барыста" жергілікті жас ойыншылар көп. Сізден сапалы ойын өрнегін көрсетіп, гол соғу талап етіле ме, әлде оған қоса қазақстандық ойнышылардың дамуына да көмектесуіңіз керек пе?

- Иә. Кәсіби хоккейде 10 жылға жуық уақытта жиған тәжірибеңде ойыншылармен бөлісетін біраз дүние болады. Маған хоккей ойнаған ұнайды. Жаңа ұрпақпен бірге өнер көрсету бір ғанибет.

- Қазақ хоккейшілерінің деңгейін қалай бағалайсыз?

- Қазақ хоккейшілерінің бәрі жақсы. Олар Солтүстік Америкада да өнер көрсете алатындарына сенімдімін. Шынын айтқанда, Қазақстан хоккейшілерінің ойыны мен сырғанау мәнерлеріне таң қалдым.

Дереккөз: Championat.com