US Open: Қазақстандық теннисшілердің жұптық сындағы қарсыластары анықталды

US Open: Қазақстандық теннисшілердің жұптық сындағы қарсыластары анықталды
Теннис

olympic.kz

Қазақстандық теннисшілердің US Open турнирі жұптық сынындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ресейлік Роман Сафиуллинмен жұп болып өнер көрсететін Андрей Голубев бірініш айналымда америкалық Александр Коачевич - Николас Морено де Альборан жұбына қарсы ойнайды. Александр Недовесов жұбы Гонсало Эскобармен бірге ұлбыританиялық Джейми Мюррей мен жаңа зеландиялық Майкл Винуспен шеберлік байқасады. Александр Шевченкомен жұптасатын Александр Бублик сербиялық-швейцариялық дуэт Ласло Дьере - Марк-Андреа Хюслермен сынға түседі. 

Әйелдер арасында Юлия Путинцева жұбы Кэти Бултермен бірге У Фан-Сянь - Чжу Линь дуэтіне қарсы ойнайды. Ал жұптық сындағы үздігіміз Анна Данилина Хизер Уотсонмен бірге бірінші айналымда америкалық дуэт Эмма Наварро - Пэйтион Стирнс жұбымен шеберлік байқасады.