Қазақстандық теннисшілердің АТР рейтингіндегі орны белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің АТР рейтингіндегі орны белгілі болды
Теннис

Кәсіби теннисшілер одағы (АТР) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

АТР рейтингінің көш басында Карлос Алькарас қалса, екінші орында Новак Джокович тұр, ал үздік үштікті ресейлік Даниил Медведев түйіндеді. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-орнын сақтап қалды, ал Тимофей Скатов бір сатыға төмендеді (129-орын). 

Ал жұптвқ сында Александр Недовесов 45-ші, Андрей Голубев 73-орнын сақтап қалды.