ҚХЛ: Райли Барбер жаңа легионерлердің үздік ондығына енді

ҚХЛ: Райли Барбер жаңа легионерлердің үздік ондығына енді
Хоккей

“Барыс” ХК

ҚХЛ Ресми сайты лигада тұңғыш рет өнер көрсететін он легионердің тізімін жариялады. Бұл қатарға “Барыс” шабуылшысы Райли Барбер де енді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Жолын “Барыста” бастап, тарихта із қалдырған хоккейшілер өте көп. Бивл астаналық клуб америкалық хоккейші Райли Барбермен келісімге келді. Жасөспірімдер мен жастар арасында үлкен жетістікке жеткен ол АХЛ командаларының үздік ойыншыларының бір болған, бірақ ҰХЛ-да жолы болмады. Маусым алды турнирлерінде Райли Барбер лиганың барлық жаңа ойыншыларының арасында біоден көзге түсті. Оның өз мүмкіндіктерін толық қолданбайтыны да көрініп тұр. Ол соққысының күшімен ерекше көзге түседі. Әріптестері де шабуылдың нүктесін қою үшін Барбербі іздейді. Оның жеке шеберлігімен ерекшеленетіні де өте маңызды”, - деп жазылған Лига сайтында. 

Сондай-ақ, жаңа легионерлердің үздік ондығына Жан Себастьян Ди (Металлург), Райан Меркли (Кунь Лунь Ред Стар), Дилан Фергюсон, Сэм Энэс, Янис Калдис (Динамо Минск), Энди Андреофф (Сибирь), Закари Фукале (Трактор), Джованни Фьоре (Адмирал) мен Мартин Гернат (Локомотив) енді.