Тимофей Скатов US Open іріктеуінің финалына шықты

Тимофей Скатов US Open іріктеуінің финалына шықты
Теннис

Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов US Open турнирі іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Іріктеу сайысының жартылай финалында италиялық Рауль Бранкаччиомен сынға түскен отандасымыз қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен жеңді. 1 сағат 38 минутқа созылған ойында Тимофей Скатов бір эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды. 

Америкадағы "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін жерлесіміз аустралиялық Джеймс Даквортпен шеберлік байқасады.