Әйгілі Серена Уильямс екінші рет ана атанды

Әйгілі Серена Уильямс екінші рет ана атанды
Теннис

Алексис Оганяннің жеке мұрағатынан

Әйгілі америкалық теннисші Серена Уильямс екінші рет ана атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Үлкен дулыға" турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы Серена Уильямстің екінші қызық дүние есігін ашты. Теннисші мен оның жары Алексис Оганян нәрестеге Адира Ривер деп ат қойған. 

Бұл туралы Серена Уильямстің жолдасы әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды. Айта кетейік, теннисшінің үлкен қызының есімі Олимпия. Ол 2017 жылы дүниеге келген еді.