Жас қазақ теннисшісі Мысырдағы ірі додада топ жарды

Жас қазақ теннисшісі Мысырдағы ірі додада топ жарды
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Мысырдағы ірі халықаралық доданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Мысырдың Дакахлия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирінде отандасымыз Әмір Омарханов финалда ресейлік Артем Богомоловпен шеберлік байқасып, 5.7, 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Финалға дейін Әмір бірде-бір сетте қарсыластарына есе жібермеген. 

Әмір Омарханов осы жеңісінің арқасында жасөспірімдер арасындағы ITF рейтингінде бірден 66 сатыға жоғарылып, 198-орынға табан тіреді.