Қазақ теннисшілері US Open-ді сәтті бастады

Қазақ теннисшілері US Open-ді сәтті бастады
Теннис

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында US Open жарысының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Іріктеу сайысының алғашқы кезеңінде Михаил Кукушкин итальяндық қарсыласы Маттиа Белуччиді 6:4, 7:6 есебімен жеңді. Тимофей Скатов болса, жапониялық Каичи Учидадан 6:2, 6:2 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, АҚШ-тағы “Үлкен дулыға” жарысы 27 тамыз күні басталады.