Қазақстандық теннисшілердің US Open іріктеуіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің US Open іріктеуіндегі қарсыластары анықталды
Теннис

Теннистен АҚШ Ашық чемпионатының ұйымдастырушылары ерлер арасындағы іріктеу кезеңі жеребе тарту рәсімінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық теннисшілер арасынан US Open негізгі кезеңіне шығу үшін Тиофей Скатов пен Михаил Кукушкин сынға түседі. Іріктеу сайысының алғашқы сатысында Тимофей Скатов жапониялық Каичи Учидамен ойнаса, Михаил Кукушкин италиялық Маттия Белуччимен шеберлік байқасады.

Ал турнирдің негізгі кезеңінде ерлер арасындағы жекелей сында Александр Бублик, жұптық сында Александр Недовесов пен Андрей Голубев бақ сынайды.

Әйелдердің жекелей сынында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсетсе, жұптық бәсекеде Анна Данилиа сынға түседі. 

АҚШ Ашық чемпионатының іріктеу кезеңі 22-27 тамыз күндері өтеді.