Шавкат Рахмонов қарындасының UFC дебюттік жекпе-жегі алдындағы дайындығы туралы айтты

Шавкат Рахмонов қарындасының UFC дебюттік жекпе-жегі алдындағы дайындығы туралы айтты
Жекпе-жек
Жеңіліп көрмеген қазақ файтері Шавкат Рахмонов қарындасы Сора Рахмонованың АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 
“Қарындасым жақсы өнер көрсетіп келеді. Оның мақсаты бар. Тәртібі жақсы. Нені қалай дұрыс жасау керектігін айтып жүремін. Физикалық формасы да қалпында. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр. Бастысы, жарақаты жоқ”, - деді Шавкат Рахмонов.
Еске салайық, 26 қыркүйек күні Сора Рахмонова Лас-Вегаста Dana White’s Contender Series турнирінде Эрнеста Карецкайтемен шеберлік байқасады. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен спортшы UFC-ге шақырту алады.