Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты

Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты
Теннис

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 жарысының үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Турнирдің 1/16 финалында латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасқан жерлесіміз қарсыласын 6:7 (6:8), 6:2, 6:4 есебімен жеңді. 

Елена Рыбакина беделді бәсеке ширек финалының жолдамасын италиялық Жасмин Паолинимен сарапқа салады.