Рыбакина Монреальдегі жарыс ұйымдастырушыларын сынға алды

Рыбакина Монреальдегі жарыс ұйымдастырушыларын сынға алды
Теннис

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Монреальдегі жарыс ұйымдастырушыларын сынға алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Алғаш рет матч ұзаққа созылып, кеш ойнап бітірдік. Мұндай жағдай бірінші және соңғы рет болды деп үміттенемін. Бұл кәсіби деңгейдің төмен екендігін көрсетті. Турнир ұйымдастырушыларын кінәлағым келмейді, десе де бұл жағдайда WTA көшбасшылық қасиеттерін толық көрсетпеген сияқты”, - деді Рыбакина деп жазады Tennisforum.com.

Еске салайық, Елена Рыбакина WTA 1000 жарысы жартылай финалында Людмила Самосоноваға есе жіберген еді.