Рыбакинаны жеңген теннисші финалда ойсырай ұтылды

Рыбакинаны жеңген теннисші финалда ойсырай ұтылды
Теннис

Теннистен Монреальдегі WTA 1000 жарысының жартылай финалында Елена Рыбакинаны жеңген Людмила Самсонова шешуші сында өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Masters жарысының финалында Людмила Самсонова америкалық Джессика Пегуладан 1:6, 0:6 есебімен ойсырай ұтылды. 

Еске салайық, Самсонова отандасымыз Елена Рыбакинаға қарсы өткізген матчтың алғашқы сетінде 1:6 есебімен жеңілсе, соңғы екі партияда айқын басымдықпен (6:1, 6:2) жеңіске қол жеткізген еді.