Елена Рыбакина Masters жарысының үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Masters жарысының үшінші айналымына шықты
Теннис

Қазақстанның біріншә ракеткасы Елена Рыбакина Монреальдегі WTA 1000 жарысының 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнирдің екінші кезеңінде дүниежүзілік рейтингте 584-орында тұрған америкалық Дженнифер Брэдимен кездесіп, үш сетте 6:7, 7:6, 6:3 есебімен жеңді. Матчта Рыбакина 12 эйс жасап, 5 қосарланған қателікке жол берді. 

Елена Рыбакина “мыңдық” жарыстың 1/8 финалында тағы бір америкалық Слоан Стивенспен шеберлік байқасады.

Монреальдегі беделді бәсеке 13 тамызға дейін жалғасады.