Елена Рыбакина WTA үздік үштігінен шығып қалды
Теннис
Әйел теннисшілер қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Дүниежүзілік жаңа рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қала алмай, төртінші сатыға табан тіреді. Ал америкалық Джессика Пегула үшінші орынға көтерілді. Ига Швентек көш басындағы, ал белорусиялық Арина Соболенко екінші орнын сақтап қалды.