Райли Барбер Астанаға келді

Хоккей
Instagram/barys_official
Астаналық “Барыстың” жаңа шабуылшысы елордаға келді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
3 тамыз күні елордалық клубпен келісімшарт жасасқан америкалық Райли Барбер бүгін Астанаға келді. Бұл туралы “Барыс” әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.
Ол өткен маусымда Америка хоккей лигасында өткізіп, “Далластың” фарм-клубы “Техас” сапында өнер көрсетіп, командадағы ең үздік ойыншылардың бірі атанған болатын.