Елена Рыбакина Канададағы WTA 1000 жарысына дайындығын бастады

Елена Рыбакина Канададағы WTA 1000 жарысына дайындығын бастады
Теннис

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтетін WTА 1000 жарысына дайындығын бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Монреальда өткізген алғашқы жаттығуынан видео жариялады.

Монрелаьдағы WTА 1000 жарысы 7 тамыз күні басталады. 

Еске салайық, Елена Рыбакина соңғы рет Уимблдонда өнер көрсетіп, беделді турнирдегі жарыс жолын ширек финалда аяқтаған болатын.