Эдди Паскуале - ҚХЛ ең көп жалақы алатын қақпашысы

Эдди Паскуале - ҚХЛ ең көп жалақы алатын қақпашысы
Хоккей

Эдди Паскуале Құрлықтық хоккей лигасында ең көп жалақы алатын қақпашы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Спорт-Экспресс” ақпаратын сүйенсе, келесі маусымда канадалық қақпашы 65 млн рубль, яғни 305,7 млн теңге табыс табады. Екінші орында “Кунь Лунь Ред Стар” қақпашысв Джереми Смит тұр - 55 млн рубль. Ал жалақысы ең көп қақпашылар үштігін “Автомобилистің” голкипері Евгений Аликин түйіндеді (52 млн рубль).

Еске салайық, Эдди Паскуале осы жазда астаналық клубқа қайта оралды. Өткен маусымда ол магнитогорскілік “Металлург” сапында өнер көрсетсе, оның алдындағы екі жылда ярославілік “Локомотивтің” намысын қорғаған.