Райли Барбердің “Барыстағы” жалақысы белгілі болды

Райли Барбердің “Барыстағы” жалақысы белгілі болды
Хоккей

“Барыстың” жаңа шабуылшысв Райли Барбердің клубтағы жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

”Спорт-Экспресс” жазуынша, астаналық клубпен бір жылға келісімшарт жасасқан форвард осы уақыт аралығында 258 млн теңге табыс табады. 

Еске салайық, 3 тамыз күні “Барыс” Барбермен келісімге келгенін ресми мәлімдеген. Шабуылшы өткен маусымда “Далластың” фарм-командасы “Техаста” ойнап, АХЛ тұрақты чемпионатвнвң 69 матчында 64 (32+32) ұпайды еншілеп, ұжымдағы ең үздік нәтижені тіркеген.