“Барыс” құрамы тағы бір легионермен толықты
NHL
Елордалық “Барыс” хоккей клубы Райли Барбермен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Шабуылшымен жасалған біржақты келісімшарт бір маусымға 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.
2012 жылы “Вашингтон” драфт жасаған Барбер бүкіл мансабы бойы Солтүстік Америкада өнер көрсетті. Райли АҚШ жасөспірімдер және жастар құрамасы сапында болған. 2022 жылы спортшы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында дебют жасады. Жалпы, ол ҰХЛ-да 16 матч, АХЛ-да 430-дан астам ойын өткізген.
Өткен маусымда Барбер “Далластың” фарм-клубы “Техаста” ойнады. АХЛ тұрақты чемпионатында 69 матч өткізіп, 62 (32+32) ұпай олжалап, командадағы үздік нәтижені тіркеді. Плей-оффтың сегіз ойынында Райли 5 (2+3) ұпайды өз есебіне жазды.