Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы шаңырақ көтерді
Хоккей
Instagram/barys_official
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы шаңырақ көтерді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ұлттық құрама мен астаналық “Барыс” голкипері Андрей Шутов некесін қидырып, отбасын құрды.
“Бақытты болыңдар”, - деп жазды “Барыс” пен Қазақстан хоккей федерациясы Instagram парақшаларында жас отбасыны құттықтап.
Еске салайық, Андрей Шутов Ригада өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама намысын қорғады. Ал қазіргі сәтте ол “Барыспен” ҚХЛ жаңа маусымына дайындық жүргізіп жатыр.