Қазақстандық теннисші Портудағы турнирдің ширек финалына шыға алмады
Теннис
Қазақ теннисшісі Денис Евсеев Портудағы турнирдің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жарыста украиналық Александр Брайнинмен жұп болып өнер көрсетіп жатқан отандасымыз бірінші айналымда үндістандық Шаран - Калиянда дуэтінен 3:6, 6:3, 5:10 есебімен жеңілді.
Матч 1 сағат 23 минутқа созылғанын айта кетейік.
Еске салайық, Денис Евсеев өткен аптада Астанада өткен Президент кубогы жекелей сынында чемпион атанған болатын.