Андрей Буяльский жаңа маусымға “Сарыарқамен” дайындалып жатыр
Қазақстандық шабуылшы Андрей Буяльский жаңа маусымға дайындықты қарағандылық “Сарыарқамен” жүргізіп жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Келесі маусым Андрей Буяльский үшін NCAA лигасында өнер көрсететін “Вермонт Катамаунтс” командасы құрамындағы үшінші жылы болмақ.
Өткен маусымда 22 жастағы форвард 34 матча 18 (5+13) ұпай олжалады.
2021 жылы ҰХЛ драфтында “Колорадо Эвеланш” Буяльскийді 92-нөмірмен таңдаған болатын.