Бубликтің АҚШ-тағы жарыстың екінші айналымындағы қарсыласы белгілі

Бубликтің АҚШ-тағы жарыстың екінші айналымындағы қарсыласы белгілі
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Вашингтонда (АҚШ) өтетін АТР 500 жарысы екінші кезеңіндегі қарсыласын білді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Александр Бублик турнирдің екінші айналымында уайлд-кард иегері франциялық Гаэль Монфиспен сынға түседі. Жеребе тарту рәсімінде жарыстың 32-ракеткасыболып тіркелген отандасымыз турнирді екіншә кезеңнен бастауға мүмкіндік алды әрі ол жекелей де, жұптық та сындарда өнер көрсетуде. 

Бублик пен Монфис бұған дейін бір-бірімен екі мәрте кездескен. 2020 жылы “Ролан Гарроста” Бублик жеңсе, былтыр Аустралия ашық чемпионатында Монфистің асығы алшысынан түсті.