Денис Евсеев қатарынан екінші жыл Президент кубогының финалында ойнайды

Денис Евсеев қатарынан екінші жыл Президент кубогының финалында ойнайды
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақ теннисшісі Денис Евсеев Астанада өтіп жатқан Президент Кубогы турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жартылай финалда түркиялық Янки Эрельмен шеберлік байқасқан отандасымыз қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Денис Евсеевті чемпиондық атақты өзбек теннисшісі Хкмаюн Султановпен сарапқа салады. “Челленджер” сериясы турнирінің финалы ертең, 30 шілде күні өтеді. 

Айта кетейік, Денис Евсеев былтыр да жыл сайын өткізілетін дәстүрлі турнирдің финалында өнер көрсеткен. Өткен жылы отандасымыз ресейлік Роман Сафиуллиннен жеңілген еді.