Денис Евсеев Астанадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Денис Евсеев Астанадағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннис

Денис Евсеев теннистен Астанада өтіп жатқан Президент кубогы турнирінің жартылай финалында бақ сынайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Отандасымыз “Челленджер” сериясы турнирінің ширек финалында белорусиялық Александр Згировскиймен кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Денис Евсеев турнирдің финалына шығу үшін түркиялық Янки Эрельмен шеберлік байқасады.