Бейбіт Жұқаев Эквадордағы жарыста сүрінбей келеді

Бейбіт Жұқаев Эквадордағы жарыста сүрінбей келеді
Теннис

Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев Эквадордың Салинас қаласындағы жарысты сәтті жалғастырып келеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жарыстың екінші айналымында аустралиялық Филипп Секуличке қарсы ойнаған отандасымыз 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін Бейбіт Жұқаев франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен шеберлік байқасады.