Александр Недовесов Хорватиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Александр Недовесов Хорватиядағы жарыстың ширек финалына шықты
Теннис

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хорватияның Умаг қаласында өтіп жатқан АТР 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Турнирде эквадорлық Гонсало Эскобармен өнер көрсетіп жатқан отандасымыз 1/8 кезеңде жарыстың 4-ракеткалары, уругвайлық-чехиялық дуэт Ариэль Бехар - Адам Павлашекке қарсы ойнады. Алғашқы сет 6:3 есебімен Эскобар мен Недовесовтың пайдасына шешілсе, екінші партияда уругвайлық-чехиялық дуэт басым түсті - 4:6. Супер тай-брейкте отандасымыз бен оның жұбы айқын басымдық танытып (10:3), жеңіске жетті.

Александр Недовесов - Гонсало Эскобар жұбының ширек финалдағы қарсыласы енді белгілі болады.