Денис Евсеев Астанадағы жарыстың екінші айналымына шықты

Денис Евсеев Астанадағы жарыстың екінші айналымына шықты
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Денис Евсеев Астанадағы Президент кубогы турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Осыдан екі күн бұрын елордада басталған ATP Challenger Tour 50 турнирінің бірінші айналымында Денис Евсеев жаңа зеландиялық Аджита Раиге қарсы ойнап, екі сетте 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Отандасымыз жарыстың үшінші кезеңіне шығу үшін Робин Бертранд (Франция) - Орель Кимхи (Израиль) матчының жеңімпазымен сынға түседі.