Қазақ теннисшісі Эквадордағы турнирді сәтті бастады

Қазақ теннисшісі Эквадордағы турнирді сәтті бастады
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев Эквадордың Салинас қаласындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Жарыстың бірінші айналымында бразилиялық Педро Боскардин Диасқа қарсы ойнаған отандасымыз қарсыласын екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, екінші кезеңге өтті. 

Бейбіт Жұқаевтың турнирдің екінші айналымында Филип Секулич пен Александр Козбинов арасындағы матч жеңімпазымен шеберлік байқасады.