АТР 250 турнирінде топ жарған қазақ теннисшісі рейтингте нешінші орында

АТР 250 турнирінде топ жарған қазақ теннисшісі рейтингте нешінші орында
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) жаңартылған дүниежүзілік рейтингті жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Кеше ғана спорттық мансабында тұңғыш рет АТР 250 турнирінде топ жарған жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 8 сатыға жоғарылап, рейтингте 45-орынға жайғасты. Александр Недовесов Бастадта (Швеция) өткен АТР 250 турнирі жұптық сынында Гонсало Эскобармен өнер көрсетіп, чемпион атанғанын еске сала кетейік. 

Ал өткен аптада 27-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бір сатыға жоғарылады. Сөйтіп, ол 26-орынға табан тіреді. 

Сонымен қатар, Тимофей Скатов та рейтингте жоғары көтеріліп, 136-орынға тұрақтады. 

АТР рейтингі көш басындағы орнын испаниялық Карлос Алькарас сақтап қалды.