Команданың жартысы дерлік жаңарды - Андрей Скабелка
Хоккей
“Барыс” бас бапкері Андрей Скабелка команда ойыншыларына маусым алдындағы дайындық жоспары туралы айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
- Биыл команданың жартысы дерлік жаңанды. Жаңа, бірақ ескі команда. Клубтың ұзақ жылдар бойғы көшбасшысы Роман Старченко қайта оралды. Александр Борисевич әке атанды. Аздаған өзгерістер бар. Микроциклдерді жөндедік. Бұрын араға бір демалыс салып жаттықсақ, енді жақсы сапа болатындай күш пен мұздағы жаттығуларды арттырғымыз келіп отыр. Қазір күніне екі жаттығу жасап, бір күн демаламыз. Осындай бес микроциклді Қазагдағы алғашқы турнирге дейін бөлдік. Команданың жартысынан көбінің дайындықты бастап кеткеніне біраз уақыт болды. Ал енді келген ойыншылар жақсы нәтиже көрсетті.
Еске салайық, “Барыс” кеше, 19 шілдеде тестер тапсырып, маусымға дайындыққа кіріскен болатын.