“Барыс” ҚХЛ-дағы мыңыншы матчын өткізеді
Құрлықтық хоккей лигасы келесі маусымда мыңыншы матчын өткізетін клубтарды жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Келер маусымда бұл межеге төрт команда - “Локомотив”, “Трактор”, “Барыс” пен “Торпедо” қол жеткізеді.
Ярославілік және челябілік командалар 1000-матчтарын қыстың алғашқы күнінде өткізсе, Астана мен Нижний Новгород қалалары ұжымдарының мерейтойлық ойыны тұрақты маусымның аяғында ғана болады.
Астаналық “Барыс” мерейтойлық матчты 2024 жылы 8 ақпан күні өз айдынында өткізеді. Андрей Скабелка шәкірттерінің қарсыласы - СКА.
Бүгінде “Барыс” Лигада 940 матч өткізген.