Онс Жабер: “Өткен жылғы финал қайталанғандай сезімде болдым”
Getty Images
Әлемнің жетінші ракеткасы, 2023 жылғы Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққан Онс Жабер 1/4 кезеңде Рыбакинаға қарсы өткізген ойыны туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Кортқа шығып келе жатқанымызда, сол матч қайталанғандай әсерде болдым. Бірақ биыл орнымызды ауыстырдық, мен былтыр ол жеңіске жеткен жерде ойнадым. Мүмкін, осы орын маған жеңіс сыйлаған шығар (күлді).
Бүгінгі жеңісті өткен жылғы матяқа айырбастар ма едім? Иә да, жоқ та. Өткен жылы мұндай матч өткізуге дайын болмадым. Былтырғы финал үшін еш өкпелемеймін, өйткені солай болуының өзінің бір себебі бар. Биылғы ширек финалда Рыбакинаны жеңу тағдырыма жазылыпты. 2022 жылғы финалдан көп нәрсе үйрендім, түйдім. Психологиялық, физикалық тұрғыдан мықтырақ бола түскенім үшін қуаныштымын, ракеткамен де жақсырақ жұмыс істей бастадым. Мен Еленаны бұғн дейін де жеңгем. Бірақ Елена - оңайлықпен жеңіле қоймайтын қарсыластардың бірі.
Тенниске аса қызығушылық танытпайтын жандар бүгінгі матчты сенсация деп ойлауы мүмкін. Алайда олай емес.
Өткен жылғы финалды қарай алмаймын. Қиын. Кейбір ойын сәттерін көргеніммен, толық матчты қарау жүрегіме батады”, - деді Онс Жабер матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, тунистік теннисші 2023 жылғы Уимблдон турнирінің финалына шығу үшін Арина Соболенкомен шеберлік байқасады.