Уимблдон: Елена Рыбакина ширек финалдағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылғы Уимблдон турнирінің ширек финалындағы ойынына қорытынды жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыстың ширек финалында отандасымыз тунистік Онс Жаберден 7:6, 4:6, 1:6 есебімен жеңіліс тапты.
“Бүгін қиын матч болды. Десе де, жақсы екі апта өткіздім деп ойлаймын. Бүгін Онс өткен жылмен (Уимблдон-2022 финалы) салыстырғанда, кортта жақсы шешім қабылдады. Бұл жолы менің жақсы мүмкіндіктерім болды, әсіресе екінші сетте. Допты ойынға қосуда ойдағыдай өнер көрсетіп жатпағанымды сездім. Онс жауапты сәттерде жақсы ойнады.
Қазір Уимблдонның фавориті кім екенін айту қиын. Бірақ Онс бүгін де, басқа матчтарда да тамаша өнер көрсетіп келеді. Бірақ, Аринаға (Соболенко) қарсы ойын қиын болады деп ойлаймын. Екеуінің біреуі чемпион болатын секілді”, - деді Елена Рыбакина баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2022 жылғы Уимблдон турнирінің финалында Онс Жаберді жалпы 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.