Уимблдон-2023: 16 жастағы ресейлік теннисшіге 8000 доллар көлемінде айыппұл салынды
Теннис
СЭ
16 жастағы ресейлік теннисші Мирра Андрееваға 2023 жылғы Уимблдон турнирінің ең үлкен айыппұлы салынды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалына бір қадам жерде тоқтаған Мирра Андрееваға 8000 доллар көлемінде айыппұл салынды. Мұндай жаза оған спортшыға тән емес әрекеті үшін берілді. Мэдисон Кизге қарсы өткізген матчында ол ракеткасын тастағаны үшін төрешіден екі рет ескерту алған. Теннисші екінші ескертуге қарсы шықты, ал матчтан кейін төрешімен қол алысқан жоқ. Айыппұ лкөлемін шегіріп тастағанда, Мирра Андреева "Уимблдоннан" 259 мың доллар сыйақы алады.