"Әл-Ахли" Погбаға 150 млн еуро жалақы ұсынды

Футбол

Getty Images

Саудиялық "Әл-Ахли" франциялық жартылай қорғаушы Поль Погбаны қатарына қосуға ниеттеніп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

La Gazzerra dello Sport жазуынша, саудиялық клуб "Ювенутс" ойыншысына үш жылға арналған құны 150 млн еуро болатын келісімшарт ұсынған. "Әл-Ахли" бұған дейін де 30 жастағы футболшыға келісімшарт ұсынған, бірақ оның құны үш жылға 100 млн еуро боғлан. Сол себептен саудиялық клуб ұсыныс көлемін біршама арттырған көрінеді. Оған қоса, "Ювентус" осы жазда Погбаны сондағысы 10 млн еуро сатуға дайын. 

Десе де, Погбаның өзі "Ювенстуста" өнер көрсетуді жалғастыруды қалап отыр.

2022/23 жылдар маусымында Поль Погба "Ювентус" құрамында 10 матчқа қатысып, бір нәтижелі пасты өз есебіне жаздыү 

Ал ойыншының туриндік клубпен қазіргі келісмшарты 2026 жылдың маусым айының аяғына дейін жасалған.