Уимблдоннан шығып қалған әлемнің бірінші ракеткасы кімге жанкүйер болатынын айтты

Уимблдоннан шығып қалған әлемнің бірінші ракеткасы кімге жанкүйер болатынын айтты
Теннис

Diggingsports

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек 2023 жылғы Уимблдон турнирінің ширек финалында украиналық Элина Свитолинадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ширек финалда украиналық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы 7:5, 6:7, 6:2 есебімен жеңді. 

"Кортта жеңіске жету үшін барымды салдым. Бәлкім, ең жақсы ойындарымның бірі болмаған шығар, бірақ Элина өте тамаша ойнады. Сондықтан оны жеңісімен құттықтаймын. Осыдан бірнеше жыл бұрын топырақ төсеніште өткізген кездесуімізбен салыстырғанда, басқаша ойнайтынын сездім. Сондықтан жібермеуім керек қателерге жол бердім. Жеңіліс табуымның басты себебі осы. Бірақ ол да жақсы қысым көрсетті. 

Жалпы, оның мансабына көз жүгіртсек, "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атануы керек сияқты. Өйткені, ол ана атанып, үлкен спортқа қайта оралды. Тордың жанына келгенде, оған жанкүйер болатынымды айттым. Чемпион атанғысы келетініне сенімдімін, сондықтан оған жанкүйермін", - деді Ига Швентек матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін отандасымыз Елена Рыбакина биылғы Уимблдон бәсекесінің жартылай финалы жолдамасы үшін тунистік Онс Жабермен сынға түседі.