Джереми Бракконың жаңа келісімшарт бойынша жалақысы қандай

Джереми Бракконың жаңа келісімшарт бойынша жалақысы қандай
Хоккей

“Барыс” шабуылшысы Джереми Бракконың келер маусымдағы жалақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Инсайдер Артур Хайруллиннің жазуынша, америкалық форвард “Барыспен” жасасқан жаңа келісімшарты бойынша 36 млн рубль, яғни 175 млн теңге табыс табады.

Еске салайық, өткен маусымда шабуылшы ҚХЛ дебюттік маусымын өткізіп, 59 матчта 40 (14+26) ұпай олжалаған еді.