“Барыста” 15-маусымын өткізетін Роман Старченконың жалақысы қандай

“Барыста” 15-маусымын өткізетін Роман Старченконың жалақысы қандай
Хоккей

“Барыс” ХК

Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Барыс” шабуылшысы Роман Старченко келесі маусымда қанша табыс табатыны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Инсайдер Артур Хайруллиннің жазуынша, Роман Старченко “Барыспен” жасасқан келісімшарты бойынша келер маусымда 19 млн рубль, яғни 92 млн теңге табыс табады. 

Өткен маусымда 37 жастаеы шабуылшы мәскеулік “Спартак” құрамында 52 матч өткізіп, 15 (7+8) ұпай олжалады.

Айта кетейік, Роман Старченко биыл “Барыстағы” 15-маусымын өткізеді. Ол бұған дейін 14 маусым бойы астаналық клубтың намысын қорғаған.