Чемпиондыққа бір қадам. Рыбакина ширек финалда
Теннис
Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина “Үлкен дулыға” санатындағы “Уимблдон” турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандасымыз төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты. Бұған дейін бразилиялық спортшы Еленаны екі рет жеңген еді.
Ойынның 18-минутында бразиялиялық Беатрис Хадда-Майя медициналық тайм-аут алып, жарысты әрі қарай жалғастырудан бас тартты.
Ойын 4: 1 есебімен бірінші сетте Рыбакинаның пайдасына шешілді.
Онс Жабер (Тунис) мен Петра Квитова (Чехия) кездесуінің жеңімпазы жартылай финалда Еленаның қарсыласы болмақ.