"Барыстың" екі трансфері апта үздігі деп танылды
Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасы өткен аптаның үздік трансферлерін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бұл тізімде астаналық "Барыстың" есімі екі рет аталды. Лига қақпашы Эдди Паскуаленің астаналық клубқа қайта оралуы мен Джозеф ЛаБейтпен жасасқан келісімшартын атап өтті.
"Джозеф ЛаБейт - ҚХЛ және Еуропа хоккейі үшін жаңа есім, жаңа тұлға. Америкалық хоккейші 30 жыл бойы өз құрлығында ғана ойнап, бір ғана АХЛ-да ойнады. Тек 2016/2017 жылдар маусымында Ұлттық хоккей лигасында 13 матч өткізген", - деп жазды Лига ЛаБейт жөнінде.
Аптаның үздік трансферлерінің қатарында Закари Фукале (Трактор), Семен Дер-Аргунчинцев (Торпедо), Юхан Маттсон (Автомобилист), Максим мен Илья Федотовтар бар.