Нельсон Ножье жаңа маусымда қанша табыс табады?

Нельсон Ножье жаңа маусымда қанша табыс табады?
Хоккей

"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" қорғаушысы Нельсон Ножьенің жаңа маусымдағы жалақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Инсайдер Артур Хайруллиннің мәлімдеуінше, канадалық қорғаушы жаңа келісімшарты бойынша келер маусымда 35 млн рубль, яғни 170 млн теңге көлемінде табыс табады.

27 жастағы қорғаныс ойыншысы былтыр Құрлықтық хоккей лигасындағы дебюттік маусымын өткізіп, 49 ойында 8 (1+7) ұпайды өз еншісіне жазды.