Мбаппе биыл "Реалға" ауысса, миллиондаған еуродан айырылады

Футбол
chelseablues.ru
"ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппе 2023 жылдың жазында мадридтік "Реал" сапына ауысса, бірнеше миллион еуродан құр қалады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Sports Zone жазуынша, Мбаппе осы жазда мадридтік "Реалға" ауысса, "ПСЖ" құрамындағы лоялдылығы үшін 80 млн еуродан айырылады. Одан бөлек, мадридтік клубтың 2022 жылдың жазында Мбаппе "Реалға" ауысқаны үшін беруге дайын болған 150 млн еуродан құр алақан қалады.
Сонымен қатар, ол қазір "ПСЖ-да" алып отырған 72 млн еуро жалақасынан да айырылады. "Реал" шабуылшыға мұндай қаржы төлемек ниетте емес. Егер форвард "Реалға" қазір ауысса, клуб бұл әрекеті үшін оған 50 млн еуродан көп қаржы төлемейді. Ал Мбаппенің жалақысы 40 млн еуродан аспайды.